Үкімет
1 мин оқу 70

Таңбалау үдерісінің тынысы ашылды

<p style="text-align: justify;">Елімізде дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды.</p>

Таңбалау үдерісінің тынысы ашылды

Үкіметте дәрілік заттарды таңбалау әрі қозғалысын бақылау жүйесі жұмысының аралық нәтижелері қарастырылды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүй­сенованың төрағалығымен өткен кеңес­ке Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ Фар­мация», «Қазақтелеком» компания­ларының өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың келтірген дерегінше, жүйе енгізілгелі бері елдегі емдеу мекемелері 16,5 млн, ал дәріханалар 21,5 млн-нан аса таңбаланған дәрілік заттарды қабылдаған. Сонымен қатар шамамен 12 млн дәрі қаптамасын сатқан.

Айта кету керек, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі елімізде өндірілген немесе сырттан әкелінген әрбір дәрі-дәрмектің айналымнан толық алып тастағанға дейінгі қозғалысын онлайн режімінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

– Басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ашық бақылау контрафактілі дәрілердің айналымға түсуіне жол бермейді және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге емдеу мекемелерінің дәрілік заттармен қамтылу деңгейін бақылауға жағдай жасайды. Сондай-ақ дәрі-дәрмек­тің мақсатты қолданылуын қадағалау­ға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Сондықтан бұл тетікті мейлінше пайдалана отырып, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау қажет, – деп тапсырды Т.Дүйсенова.

Бөлісу:
Таңбалау үдерісінің тынысы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар