Жедел басқару орталықтары іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының бар­лық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел бас­­қару орталықтары іске қосылды. Кез келген қыл­мыстың ізін суытпай ашу­ға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министр­лігінің бас­тамасымен және Қызыл­орда облысы әкі­мі­нің қолдауымен елімізде алғаш рет цифрлық мүм­кін­діктерді кеңінен қол­данатын Сыр өңірінде жү­зеге асып отыр.</p>

Бірегей «Жедел басқару орталығы» жобасы аясында әр ауданға 77 бейнебақылау камерасы мен жылдамдықты өлшегіш 7 құрал орнатылды. Осы арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерін анықтау айтарлықтай оңайлай түсті. Бұл – қоғамда тәртіп иммунитетін күшейтуге жол ашатын маңызды қадамның бірі.
Жедел басқару орталықтары құқық бұзушылықтардың алдын алудан бөлек оқыс жағдайға ұшыраған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге септігін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.
Өткен жылы осындай камералар көмегімен 138 қылмыс ашылып, 50 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Қызылорда