Астана - Қарағанды тас жолында 4 адам такси жүргізушісін ұрып кеткен
<p style="text-align: justify;">Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін діттеген жеріне жеткен соң жүргізушісін соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жедел басқару орталығына қаладағы тұрғын аудандардың бірінде ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жетті.
39 жастағы жәбірленуші – елорда тұрғынының айтуынша, төрт ер адамды Қарағандыға жеткізген. Жол бойы жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған. Алайда діттеген жеріне жеткен олар ақша төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап ұрып-соғып жақын маңда жасырынуға тырысқан.
«Сипаттаманы басшылыққа алған патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай қашқындарды қылмыс болған жердің жанынан тапты. Ер адамдар моншаны паналаған. 34-37 жас аралығындағы күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу оларды осы қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтау керек», делінген облыстық ПД хабарламасында.