Алматы
1 мин оқу 221
Алматыда ер адам мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған
<p style="text-align: justify;">Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады. Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған. Жасөспірімнің анасы полицияға болған оқиға туралы хабарлады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол – Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам.
- Айғақ зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Ұсталған адам қамауға алынды, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу: