Қоғам
1 мин оқу 105

2024 жылы ел азаматтарына 3,7 трлн теңге зейнетақы төленді

<p style="text-align: justify;">2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

2024 жылы ел азаматтарына 3,7 трлн теңге зейнетақы төленді

«2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 451 мың адам құрады.

Бөлісу:
2024 жылы ел азаматтарына 3,7 трлн теңге зейнетақы төленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар