Әлем
1 мин оқу 105

Трамп Путинмен таяу уақытта телефон арқылы сөйлеседі

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 22:00-де АҚШ президенті қызметін екінші рет атқаратын Дональд Трамп ант береді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Трамп Путинмен таяу уақытта телефон арқылы сөйлеседі

Ол көмекшілеріне инауграция өткеннен кейін таяу уақытта Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырып отыр. 

Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі хабарлады. Қос ел президентінің әзірге телефон арқылы сөйлесетін күні нақтыланбаған. Десе де CNN әңгіме ауаны Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға бағытталуы мүмкін екенін жазған. 

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтонда өткен инаугурация алдындағы сөзінде мыңдаған қолдаушыларына «халық бетпе-бет келіп отырған барлық дағдарыстарды шешетінін» айтқан еді. Сондай-ақ ол ресми қызметіне кіріскен сәттен АҚШ-тың көші-қон және сауда саясатын түбегейлі өзгертуге білек сыбана кіріспек. 

Бөлісу:
Трамп Путинмен таяу уақытта телефон арқылы сөйлеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар