Спорт
1 мин оқу 100

Спортшылардың жарқын жетістігі

<p style="text-align: justify;">Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері туралы шолу мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Спортшылардың жарқын жетістігі

Универсиада: Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың алғашқы аптасында Қазақстан студенттері 11 (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жүлде жеңіп алды.

Семсерлесу: Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің командалық сайысында Қазақстан құрамасы алтын медаль еншілесе, жекелей сында Ғабиден Мұстафин қола жүлде олжалады.

Әйелдер күресі: Францияның Ницце қаласында Henry Deglane Гран При турнирінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) және Гүлдана Бекеш (59 кг) топ жарды.

Үстел теннисі: Тунисте WTT Youth Star Contender Tunis турнирінде Алан Құрманғалиев қола медаль иегері атанды.

Бөлісу:
Спортшылардың жарқын жетістігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар