Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақмола облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы шектелді.
Павлодар облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде де (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) бүгін сағат 16: 20-дан жол жабылды.
Компания ақпаратына сай, бұл жол учаскелерін 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысындағы «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесі бүгін сағат 18: 30-дан бастап жабылады.
Бұл жол бөлігін 21 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.