Ауа райы
1 мин оқу 106

Алдағы күндері елімізде ауа райы күрт суытады

<p style="text-align: justify;">21-22 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік өңірлерде қар жауады. Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алдағы күндері елімізде ауа райы күрт суытады

Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпіні 15-28 м/с  жел соғады. Ал Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі.

«Бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді, елдің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу: