Аймақтар
1 мин оқу 70
Маңғыстау облысында жасөспірімді ит талап тастаған
<div class="description" style="text-align: justify;">Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында оқушыны ит қауып алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Әлеуметтік желілерде Ақшұқыр ауылында ит тістеп алған баланың бейнесі тарады. Кадрлардан оның тура мектептің жанындағы жолдың бойында жатқандығын көруге болады. Алған жарақаттарынан жасөспірім еріксіз жылап жатты.
«Мектеп оқушысын ит қауып алды. Қолдары қан-қан. Бірнеше жерінен тістеген. Шабуыл жасаған ит әні тұр. Балаларды иттер осылай тістейді», деді бейне авторы.
Бөлісу: