Қоғам
2 мин оқу 70

Әлеуметтік төлем сомасы артты

<p style="text-align: justify;">Былтыр елімізде түрлі топтағы мүгедектерге, сондай-ақ асы&shy;рау&shy;шысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеумет&shy;тік жәрдем&shy;ақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар мен асыраушысыз қалған қамкөңіл жандарға 80,3 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылды.</p>

Әлеуметтік төлем сомасы артты

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) мүгедектігі бойынша 552,3 мың адамға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 193,9 мың адамға берілген.

Мүгедектігі бойынша мем­ле­кеттік әлеуметтік жәрдем­ақы­лардың мөлшері мүгедектіктің тобына, себебіне қарай белгіленеді. Сондай-ақ тиісті қаржы «Респуб­ли­­­калық бюджет туралы» заңда бел­­­­гі­­лен­ген ең төмен күнкөріс дең­гейі­­нің мөлшеріне байланысты есеп­теледі.

Асыраушысынан айырылу жағ­дайы бойынша мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылардың мөл­­шері қайтыс болған асырау­шысы  ажалының себебіне, қам­қор­лы­ғын­дағы адамдардың санына, әрі ең төмен күнкөріс деңгейіне байланыс­ты болады.

Бұдан бөлек, міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қаты­сушыларға әлеуметтік тәуе­ке­л­дер туындаған жағдайда мем­ле­­кеттік әлеуметтік сақтандыру қоры­­нан төлемдер аударылады. 2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабі­летінен айырылғандықтан әлеуметтік төлем алса, 67,9 мың­ға жуық отбасына асыраушысынан айы­рылуына байланысты әлеуметтік төлем берілген.

2025 жылғы 1 қаңтардан бас­­тап мүгедектігі бойынша, асы­рау­шысынан айырылу жағдайы бойын­ша мемлекеттік әлеумет­­­тік жәр­­дем­­ақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюы­на­ бай­ланысты 6,5%-ға өсті. Үкі­мет­тің ше­шімімен еңбекке қабі­лет­ті­лі­гі­нен, асыраушысынан айырылу бо­йынша МӘСҚ-дан төленетін тө­лем­­­дердің мөлшері де 6,5%-ға артты. Осылайша, мүгедектігі бойын­ша МӘЖ мөлшері І топ үшін – 101 702 теңге, ІІ топ үшін – 81 362 теңге, ІІІ топ үшін 55 474 теңгеге жетті.

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігі­нен айы­рылу бойынша әлеумет­тік төлем­дердің орташа мөлшері 60 407 теңге, асыраушысынан ­айырылу бойынша 64 772 теңге болды.

Бөлісу: