Технология
1 мин оқу 120

Дрон өндірісі қолға алынды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Yesil Technology Company&raquo; компаниясы &laquo;Kazakh Invest&raquo; қолдауымен елі&shy;&shy;мізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Жоба ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерт&shy;теу ай&shy;&shy;&shy;ма&shy;&shy;&shy;ғын салуды көздейді. Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, ин&shy;но&shy;&shy;вациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, маши&shy;на&shy;лар&shy;&shy;дың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.</p>

Дрон өндірісі қолға алынды

Өндірісті бастау 500 жұмыс ор­нын ашады деп күтіледі. Инвес­ти­ция­­лардың жалпы көлемі – шама­мен 12 млн доллар. Өнімдер жергі­лік­­ті нарықтарға, сондай-ақ Орта­лық Азия елдерінің нарығына жеткі­зіл­мек.­

Дүниежүзілік ұшқышсыз ұшу аппа­раттары федерациясының мәлі­мет­тері бойынша, 2024 жылы төмен биіктіктегі экономиканың әлемдік нары­ғының көлемі 318,64 млрд доллар болды. 2050 жылға қарай бұл көр­сет­кіш 8,8 трлн доллардан асады.

«Шағын биіктік экономикасы жаңа сала ретінде өзінің бірегей артық­шы­лықтарының арқасында әлем­дік өнеркәсіптік құрылымды өзгер­теді. Төмен биіктіктегі ұшақ­тар­дың әртүрлі түрін қолдану көп­те­ген салада тиімді қол­данылады, экономикалық даму­дың жаңа жолдарын ашады. Ауыл шаруа­шы­лығы мен ормандарды қорғаудан ло­гис­­тикаға дейін, геодезиядан ава­рия­­лық-құтқару операция­ларына дейін төмен биіктіктегі экономиканы қолдану аясы үнемі кеңе­­йіп келеді, ал оның әлеуеті шексіз», деп атап өтті «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Ержан Елекеев.

«Yesil Technology» басшысы Юннин Хуэй­дің сөзінше, өнімдер ең қиын жағ­дай­ларда тұрақты жұмыс істей алады және пайдаланушыларға тыныш, се­нім­­ді авиациялық қызмет көр­сете оты­рып, тапсырмаларды дәл орын­дай­ды.

«Yesil Technology» өнімді жаңар­туға және жақсартуға ғана емес, соны­мен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарының технологиялары саласында жергілікті кадрларды даяр­лау бойынша маңызды миссияны өз мойнына алады. Біз технологиялар нығайып, кадрлар бі­ліктілігін арттыру үшін оқыту бағ­дар­­ламаларын әзірлеу мақсатында ғылыми ұйымдармен және компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін боламыз», деді. 

Бөлісу: