Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның тағы бір тас жолы ақылы жолға айналады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.</p>

26 қаңтардан бастап Қызылорда-Арал жолы ақылы болады. Бұл шара II техникалық санатқа сәйкес келетін ұзындығы 454 шақырым учаскеде автобустар мен жүк көліктеріне қолданылады.
«Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) – Шымкент» республикалық маңызы бар жолдың Қызылорда-Арал учаскесінде қазірдің өзінде 6 бақылау аркасы мен халыққа қызмет көрсету орталығы орнатылды. Аркалардағы жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскенің бойымен көліктердің өтуін, олардың қозғалысының жылдамдығы мен қарқындылығын жазып алады», делінген хабарламада.
Пайдаланушылар үшін төлемнің 10-ға жуық әдісі қарастырылған: интернет-банкинг, электрондық әмияндар, терминалдар, телефон балансы, E100 жанармай картасы немесе заңды тұлғалар үшін шарт бойынша.
«Жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелері Қызылорда-Арал жолымен тегін жүре алады. Жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ай сайынғы және жылдық жазылымдар қарастырылған», делінген хабарламада.