Айбын
2 мин оқу 82

Жылдың үздік жауынгер-спортшысы

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның үздік әс&shy;ке&shy;ри қызметшілерін анық&shy;тау үшін жыл сайын &laquo;Әс&shy;кер тарланы&raquo; атты бүкіл армиялық конкурс өт&shy;кі&shy;&shy;зіледі. Өткен жылғы осы байқауда Шымкент қа&shy;ла&shy;сындағы 35748 әскери бө&shy;лі&shy;мі мергендер взводының аға сержанты Асылбек Қара&shy;бай жеңімпаз атанды. Ол табандылық пен жо&shy;&shy;ғары әскери дайын&shy;дық нә&shy;&shy;ти&shy;жесінде &laquo;жауын&shy;гер-спорт&shy;&shy;шы&raquo; деген аталымын же&shy;ңіп алды.</p>

Жылдың үздік жауынгер-спортшысы

Әрине, бұл жетістікке жету жас жауынгерге оңай болған жоқ. Өзі­нің айтуынша, ол бала кезінен спортқа қызығушылық танытыпты. Спорт оның әскери қызметтегі жетістіктеріне негіз қалады десек, бола­ды. Бұған дейін де жас сарбаз жыл бойы ұйымдастырылатын әскери-спорттық жарыстарға бел­сене қатысып, үшсайыс пен көп­сайыстарда, түрлі турнирлерде жүл­дегер мен жеңімпаз атанып жүр­ді. Асылбектің өміріндегі бас­­ты жетістігі қоян-қолтық ұрыс бойынша бүкіл армия жа­рыс­тарында бақ сынап, өзінің жауы­­н­­герлік қарым-қабілеті мен жо­ға­ры кәсібилігін көрсетуі болды.

Оның қол жеткізген жүл­де­лерінің ішінде «Қарулы күш­тер взводының үздік сержанты–2024» аталымы бо­йынша алған марапатының орны ерекше. Ол бүкіл армия арасында өткен сол әскери-спорттық бай­қау­да жүзден жүйрік шығып жүл­делі орынды жеңіп алған еді. Асылбекпен бірге қызмет атқаратын әріптестері мен әскери жауапты мамандар оның бойында көшбасшылық қасиет барын айтты, сондай-ақ ең қиын жағдайларда сал­қын­қандылық танытып, дұрыс шешім қабылдай алатын қабілет пен мінезін де мақ­­тады. Ал жоғарыда айтып өт­кен әске­ри-спорттық байқауға ол тың­ғылықты дайындалды. Кон­­­курстың әрбір кезеңі тек фи­зи­калық күшті ғана емес, со­ны­мен қатар сабырлық пен пси­хи­калық байыптылықты, ту­ра тактика мен дұрыс стратегия қа­лып­тастыруды қажет ететіні анық.

«Менің жетістігімнің құ­пиясы – тәртіп, табанды жат­ты­ғулар және әріптестерім мен командирлерімнің қолдауы дер едім. Менің ойымша, спорттың міндеті – адамды физикалық күшті ету, өзгелерден артық қылу емес. Спорт бірінші кезекте кез келген жанды көшбасшы болуға үйретеді, сондай-ақ командамен бірлесіп жұмыс істеуге, өзіңді бір отбасының мүшелеріндей сезінуге тәр­бие­лейді. Күнделікті өмірі жаттығу залында өтіп жатқан мен секілді әрбір адам спорттың негізгі мақсаты мен бойымыздағы жақсы қасиеттерді ашуға көмектесетін осындай керемет мүм­кіндіктері барын естен шы­ғармаса екен деймін. «Әскер тар­ланы–2024» байқауындағы жеңіс – тек бір менің емес, сонымен қатар әріптестерімнің де жеңісі. Өйткені олар менің осы биік мақсатқа жетуіме тілекші болып, қолдан келгенше барынша қолдау көрсетіп отырды. Бұған қоса әскери жарыстағы зор жетістігім – ең алдымен бү­кіл отбасымның мақтанышы. Ме­нің­­ше, өз ортаңның, туған-туыс­­тарыңның арасында адал ең­бегіңмен абыройға бөле­ну­ден артық құрмет жоқ», деді мер­­­­­гендер взводының сержанты А.Қарабай ағынан жарылып.

Қорыта айтқанда, аға сержант Асылбек – бірге әскери қымет атқарып жүрген әріп­тес­тері үшін нағыз үлгі алатын азамат. Сонымен қатар оның спорттық жарыс жолындағы бағындырған белес­тері қол астында әскери борышын өтеп жатқан мер­зімді қызмет сарбаздарына шабыт сыйлайды. Жалпы, жеңіс – әскери тілмен айтқанда өз шебінде қайтпай тұрып алатындарға, қайсар мінез, өр рух арқылы артқа қайтуды біл­мей­тіндерге ғана берілетін сый. Соның жарқын мысалы мен ай­қын көрінісі – аға сержант Асыл­бек Қарабайдың спорттағы ерліктері.

 

ШЫМКЕНТ 

Бөлісу:
Жылдың үздік жауынгер-спортшысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар