Лос-Анджелесте тағы өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Сәрсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстігіндегі орман өрті қатты жел мен құрғақ өсімдіктердің салдарынан тез арада 38 шаршы шақырымнан астам аумаққа тараған. Жергілікті билік 31 мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрттің жақын жерде орналасқан атом электр станциясына ауысу қаупі биліктің алаңдатып отыр.
Қалада 7 қаңтардан бері жалғасып жатқан өрт бақылауға алынған. Ресми ақпарат бойынша осы уақытқа дейін 2 адам қаза тапқан.
Айта кетейік, Лос-Анджелестің шығысындағы 57 шаршы шақырым (23 шаршы миль) Итон өртінің 91 пайызы ауыздықталған, ал қаланың батысындағы 95 шаршы шақырым (37 шаршы миль) Палисадес өрті 68 пайызға оқшауланған.