Аймақтар
1 мин оқу 130

Қостанай қаласында 8,5 мың вейп тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жертөлелердің бірінде вейптерді заңсыз сатумен айналысқан интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай қаласында 8,5 мың вейп тәркіленді

Тексеру барысында анықталғандай, екі жергілікті тұрғын Telegram мессенджері арқылы вейптерді тарату арнасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Polisia.kz 8,5 мың электронды темекі бұйымдары салынған 73 картон қорап, 6 темекі шегетін құрылғы, 4 ноутбук, 10 вейп аккумуляторы, 7 ұялы телефон, 2 жүйелік блок тәркіленгенін жазды.

Бөлісу:
Қостанай қаласында 8,5 мың вейп тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар