Оқиға
1 мин оқу 110

Павлодар облысындағы ауылда мектеп өртенді

<p style="text-align: justify;">Ертіс ауданындағы Бұланбай ауылындағы жалпы білім беретін мектептен өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысындағы ауылда мектеп өртенді

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 130 шаршы метр аумақта тараған өртті тез арада оқшаулаған. Алайда бұл уақытта мектеп толығымен өртеніп кеткен.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Ертіс ауданының әкімі мен білім басқармасының басшысы барған. Бұланбай ауылының тұрғындарымен өткен жалпы жиналыста оқу-тәрбие процесін одан әрі ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша балаларды әзірге жергілікті шағын орталықтың ғимаратына орналастыру туралы шешім қабылданған.

Бөлісу:
Павлодар облысындағы ауылда мектеп өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар