Қаржы
2 мин оқу 90

AQR сектор тұрақтылығын растады

<p style="text-align: justify;">Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (тұрақты AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжей талдау жасалған.</p>

AQR сектор тұрақтылығын растады

Былтыр агенттік 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк жүйесі активтерінің 85%-ын құраған 11 ірі банктің арасында тұрақты AQR өткізді. Бағалау көлемі 27,4 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,3%-ға артық. Берешектің негізгі бөлігі кепілсіз тұтынушылық қарыздарға (9 трлн теңге), ірі бизнеске (4,4 трлн теңге), шағын бизнеске (3,4 трлн теңге) және инвестициялық жобалар (3,1 трлн теңге) қарыз портфельдеріне тиесілі. Жеке негізде 1 583 ірі қарыз алушы, сондай-ақ 856 қосалқы қарыз алушы мен кепілгерлер бағаланып, жалпы қарызы 9,6 трлн теңгені құрады. Жалпы сомасы 17,8 трлн теңге 29,9 млн қарыз ұжымдық негізде талданды.

«Тұрақты AQR нәтижелері сек­тордың жүйелік деңгейдегі тұрақ­ты­лығын растады. 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 16,3%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтік ең төменгі 5,5%-дық деңгейден едәуір жоғары. Банктер мен AQR арасындағы резервтерді бағалаудағы айырмашылық 415,1 млрд теңгені құрады. 2-сатыдағы берешектер 492,7 млрд теңгеге, 1,5%-дан 3,3%-ға дейін ұлғайды, ал 3-сатыдағы берешектер 327,8 млрд теңгеге, 8,6%-дан 9,8%-ға дейін ұлғайды», деп мә­­лімдеді агенттік.

«Осылайша, 2023 жылғы тұрақты AQR-мен салыстырғанда бағалау нәтижелері жақсарған. Банктердің несие портфелінің өсуіне қарамастан, резервтер бойынша түзетулер 36,1 млрд теңгеге азайды. Тұтастай алған­да, портфельдің жалпы өсімімен, жекелеген портфельдер бойынша қарыз алушылардың қаржылық жағ­да­йының жақсаруымен, сондай-ақ проб­лемалық қарыз алушылар бойын­ша провизияларды есептен шығару, өтеу және қалыптастыру жөніндегі банк­тердің жұмысына байланысты кредиттік портфельдің сапасының артуы байқалды», делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:
AQR сектор тұрақтылығын растады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар