Заң
1 мин оқу 60

Оттық сатқандарға айыппұл салынады

<p style="text-align: justify;">Ресей Мемлекеттік Думасы кәмелетке толмағандарға оттық, баллон және басқа да қауіпті газы бар өнімдер сатқаны үшін айыппұл салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оттық сатқандарға айыппұл салынады

Құрамында газы бар тұрмыстық бұйымдарды балаларға (тізбесін үкімет белгілейді) сатқаны үшін заңды тұлғаларға 600 000 рубль (шамамен 6 мың АҚШ доллары), лауазымды тұлғаларға 300 000 рубль (шамамен 3 мың АҚШ доллары), жеке тұлғаларға 60 000 рубль (шамамен 600 АҚШ доллары) айыппұл салынады. 

Заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енеді.

Ресей үкіметінің мұндай шешім қабылдауына бірнеше факті себеп болған. 2016-2023 жылдары Ресейде құрамында газы бар өнімдерден уланып, 817 бала мен жасөспірім қайтыс болды. 2023 жылы 77 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, оның 33-і 14 жасқа толмаған.

Бөлісу:
Оттық сатқандарға айыппұл салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар