Қоғам
1 мин оқу 100

Заңсыз салынған дүңгіршектер бұзылады

<p style="text-align: justify;">Алматы әкімдігі 27 қаңтар мен 17 ақпан аралығында қалада заңсыз салынған сауда дүңгіршектері бұзылатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <h5>&nbsp;</h5>

Заңсыз салынған дүңгіршектер бұзылады

Қаладағы мемлекеттік қордың жерінде 500-ге жуық сауда орны заңсыз орналасқан. Қазір сауда нысаны иелеріне түсіндіру жұмысы басталып, 200 кәсіпкерге жазбаша ескертпе жолданған. 

Осы мәселені заң шеңберінде шешуді қамтамасыз ететін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында мемлекеттік мекемелердің, полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері бар.

Бұзу кезінде нысандар инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажыратылады. Бұл процестің бәрі қалалық полиция басқармасының бақылауымен жүзеге асырылады. 

Бөлісу:
Заңсыз салынған дүңгіршектер бұзылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар