Әлем
1 мин оқу 121

Құқық қорғаушылар Дональд Трампты сотқа берді

<p style="text-align: justify;">Сиэтлдің аудандық соты Дональд Трамптың АҚШ-та өмірге келген балаларға&nbsp; азаматтық беруді шектейтін жарлығының күшін уақытша тоқтатты. 22 штат, сондай-ақ Сан-Франциско қаласы мен Колумбия округінің бас прокурорлары Трамптың жарлығына тосқауыл қоюды талап етіп, сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> DW басылымына сілтеме жасап.</p>

Құқық қорғаушылар Дональд Трампты сотқа берді

Сот шешімі Вашингтон, Иллинойс, Орегон және Аризона Штаттарының өкілдерінің талабын қанағаттандырды, олар бұл Жарлық АҚШ Конституциясының 1868 жылы қабылданған 14-ші түзетуін бұзды деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алуды шектейтін Жарлыққа қол қойған болатын. Жарлық федералды агенттіктердің АҚШ азаматтарына елде заңсыз жүрген ата-анадан туылған немесе аналары АҚШ-та уақытша тұратын балаларға арналған құжаттарды беруіне тыйым салады.

Бұқаралық ақпарат құралдары 30 күннен кейін күшіне енетін бұл қадам сотта дау тудыруы мүмкін екенін атап өтті, өйткені бұл АҚШ Конституциясының 14-ші түзетуіне қайшы келеді. Осыған байланысты құқық қорғаушылар АҚШ президентінің әкімшілігін сотқа берген.

Бөлісу:
Құқық қорғаушылар Дональд Трампты сотқа берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар