Каспийге кеме батып кеткені рас па?
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Google Mars спутнигі ұсынған суреттер негізінде «Каспий теңізінің түбіне кеме батып кеткен болуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай теңіз түбіне зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті болжалды координаттар бойынша Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықтағы теңіз түбін зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды.
«Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталмады. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9–10 метр болады», делінген хабарламада.