Қоғам
1 мин оқу 201
Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болады
<p style="text-align: justify;">Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған, оларға сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:
- Балқаш - Бурылбайтал;
- Ақтау - Бейнеу;
- Қандыағаш - Мақат;
- Қостанай - Денисовка;
- Таразды айналып өтетін жол;
- Үшарал - Достық;
- Шу - Бурылбайтал.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.
Бөлісу: