Экология
1 мин оқу 170

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

<p style="text-align: justify;">Каспий теңізінде магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 25 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18:22-де болған.

«Жерасты дүмпулерінің ошағы 66 километр тереңдікте болған. Эпицентр Ақтау қаласынан 460 километр қашықтықта орналасқан. Координаттары: 39°34′48″ солтүстік ендік, 51°36′36″ шығыс бойлық», делінген хабарламада.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түспеген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу:
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар