Қоғам
1 мин оқу 120

Елімізде ерте жүктілік көрсеткіші азайған

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктілік 10,2 пайызға төмендегенін хабаралады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде ерте жүктілік көрсеткіші азайған

Министрлік мәліметінше, жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа түсу бойынша орта жасы 16,5 құраған.

Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4 пайызға төмендеген. 

Жасөспірімдердің жүктілігі өзекті әлеуметтік мәселе екені анық. Өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, әлеуметтік проблемаларға тап болады. Олардың мінез-құлқында суицидке бейімділік пен психологиялық бұзылулар да артады. 

«БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) зерттеуіне сәйкес жоспарламаған жүктіліктің алдын алу үшін қолданылатын қазіргі заманғы құралдарын жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша да пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі ең жоғары 20 пайыздан аспайды», делінген министрлік хабарламасында. 

Бөлісу:
Елімізде ерте жүктілік көрсеткіші азайған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар