Оқиға
1 мин оқу 70
Ер адам ұрылармен бірге туысының пәтерін тонаған
<p>Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден 10 млн теңге қолды болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің туысы бар екені белгілі болды. Күдікті сыбайластарына туысының үйінде қолма-қол қомақты қаржы бар екенін айтып, көмек көрсеткен.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар ұрлаған қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап, несиелерін төлеген. Қалған соманы ойын-сауыққа жойған.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: