Медицина
1 мин оқу 50

Емдеу орындары көбейді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту&raquo; Ұлттық жобасы аясында өңірдегі ауылдарда 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Жыл басында тағы осындай екі нысанның құрылысы аяқталды.</p>

Емдеу орындары көбейді

Қазірде «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­ламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стацио­нар мен 50 адам қабылдайтын дәрі­гер­лік амбу­латория салу жоба­сы іске асырылып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков ауыл­дағы бейінді мамандар тап­шы­лығын шешу бағытында да мақ­сат­ты жұмыстар жүргізіліп жат­қанын мәлім етті. Тіс дәрігері, хирург, акушер-гинеколог сияқты мамандарды толықтыру мәселесі келешекте шешімін таппақ.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешуге 8,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлу қарас­ты­­рылған. Біз биыл аса тапшы мамандықтардың тізімін анық­тау жөніндегі жұмысты жалғас­ты­рамыз. Кадрлар даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебі­нен облыстың 80 дәрігері шетелде тәжірибесін шыңдады. 15 маман Ресей, Германия, Әзербайжанның жетекші ме­дициналық мекеме­ле­рін­де тағы­лымдамадан өтті. Бұл бағ­дар­лама біліктілікті арттыруға, ауыл медицинасы жұмысына заманауи тәсілдерді енгізуге бағыт­тал­ған», дейді басқарма басшысы.

Облыста ауыл тұрғындарына 9 жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді. Олар 173 елді мекендегі тұрғындардың ден­саулығын бақылауға алған. Өткен жылы 64 435 адамды тексерумен қамту жоспарланса, іс жүзінде 56 233 тұрғын медициналық көмек­ке жүгінген.

Ауыл медицинасын дамыту­дың негізгі бағыттарының бірі – ма­териалдық-техникалық базаны жаңарту. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 200 меди­ци­налық техника сатып алынды. Биыл 1,2 млрд теңгеге 182 жаб­дық­тар сатып алу жоспары жүзеге асырылады.

Абай облысы 

Бөлісу:
Емдеу орындары көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар