Өндіріс
1 мин оқу 61

Мұнай: рекордтық көрсеткіш

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі мұнай өн&shy;ді&shy;рісі рекордтық көрсет&shy;&shy;кішке жетті. Энер&shy;ге&shy;тика министрлігі жа&shy;нындағы ахуалдық-тал&shy;дау орталығының мәлі&shy;меті бойынша, биыл 25 қаңтарда орташа тәу&shy;лік&shy;тік мұнай өндірісі тарихи рекорд орнатты &ndash; 278,4 мың тонна. Бұл 2024 жылдың ұқсас мерзімімен салыстыр&shy;ғанда 10,5%-ға артық. Былтыр 251,9 мың тонна өндірілген.</p>

Мұнай: рекордтық көрсеткіш

Бұл бірінші кезекте Теңіз келешек кеңею жобасының маңызды кезеңдерінің аяқта­луымен, Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытының пай­далануға берілуімен байланысты. Осының нәтижесінде биыл Теңіздегі өндіріс деңгейі 25%-ға, 27,8 млн тоннадан 34,7 млн тоннаға дейін артпақ. Сарапшылардың ай­туын­ша, бұл жағдай экспорттық табыстың, оған жалғас салық түсімінің және Ұлттық қор түс­і­мінің ұлғаюына жол ашады.

Жоспар бойынша еліміз осы жылы 96,2 млн тонна мұнай өн­діруді жоспарлап отыр (был­тырғы деңгей – 87,8 млн тонна).

«Теңізшевройлдың» хабарлауынша, барлық өндіріс нысандары толық қуатқа көшкеннен кейін Теңіздегі шикі мұнайдың жылдық өндірісі 40 млн тоннаға жетпек.

ТШО 2024 жылы қаңтар-қыр­күйекте 21,4 млн тонна мұнай өндірді. Кен орнындағы жалпы барланған қор көлемі – 3,1 млрд тонна (25 млрд баррель).

Бөлісу:
Мұнай: рекордтық көрсеткіш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар