Әлем
2 мин оқу 40

Лукашенконың кезекті жеңісі

<p style="text-align: justify;">Беларусь Республикасының орталық сайлау ко&shy;миссиясы жексенбіде өткен президент сай&shy;лауы&shy;ның алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлаушылардың басым бөлігі Александр Лука&shy;шенкоға дауыс берген.</p>

Лукашенконың кезекті жеңісі

Сайлауда А.Лукашенко – 86,82 пайыз, Беларусь коммунистік партиясы орталық комитеті­нің бірінші хатшысы Сергей Сыранков – 3,21 пайыз, Беларусь либерал-демократиялық пар­тиясы төраға­сы Олег Гайдуке­вич – 2,02 пайыз, Ұлттық жиын­ның бұрынғы депутаты Анна Кано­пацкая – 1,86 пайыз және Бе­ларусьтың еңбек және әділет партиясының төрағасы Александр Хижняк 1,74 пайыз дауыс жинаған.

Кандидаттардың барлығына қарсы дауыс берген­дер 3,6 пайыз­ды құраған. Жалпы сайлауға халықтың 85,7 пайызы қатысқан. Сайлаудың нақты қорытындысы 3 ақпанда жарияланады.

Сайлауға тек Беларусьта тұра­тын азаматтар қатысқан, шетелде сайлау учаскелері ашылған жоқ.

Қазақстан Республикасы Пар­­ла­менті Сенатының депутат­тары Нұрлан Бекназаров пен Сә­кен Арубаев халықаралық бай­қау­­шылар ретінде Беларусь Респуб­ликасындағы президент сай­­лауын мониторинг жасау­ға қа­тысты. Нұрлан Бекназа­ров сай­­лауды байқауға Бела­русь Рес­пуб­ликасының Ұлт­тық жи­налысы­ның шақыруы­мен, ал Сәкен Ару­баев ТМД Пар­ламентаралық Ассам­блеясының аясында қатысты.

«Беларусь Республикасындағы президент сайлауын ұйымдас­тыру деңгейінің жоғары екеніне, халықаралық стандарттарға сәй­кес­тігіне куә болдық. Сайлау үдерісінің ашықтығы мен ай­қын­дығы ел­дегі демократиялық институттардың жетілгендігін білдіреді. Менің ойымша, жаңа­дан сайланған прези­дент біздің мемлекеттер арасындағы ынты­мақтастық­ты нығайту бағытын жалғастырады, ал екіжақты қа­рым-қа­тынас өзара құрмет пен се­нім негізінде одан әрі дами тү­седі», деп атап өтті Н.Бекназаров.

Депутаттар сапар барысында дауыс беру учаске­лерін, оның ішінде орталықтан алыс аудандар­дағы учаскелерді де аралады.

«Сайлау үдерісі жоғары деңгейде ұйымдасты­рылғанын көріп отырмыз. Азаматтарға өз ер­кін еш кедергісіз білдіруге барлық жағдай жасалған. Бұл сай­лауға және елдегі демократиялық үдерістерге деген сенімді нығай­туға ықпал етеді», деді сенатор С.Арубаев. 

Бөлісу:
Лукашенконың кезекті жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар