Экономика
1 мин оқу 123

Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанада Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті

Премьер-министр Үкімет өткен жылы депутаттық корпуспен өзара бірлесіп, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірлеп, қабылдағанын айтты.

Ал экономикалық өсім 4,8 пайызды құраған. 

«Ауыл шаруашылығында  – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға ұлғайды», деді Олжас Бектенов баяндамасында. 

Олжас Бектенов сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету  және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, Үкіметтің басты басымдықтары болып қалатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар