Қоғам
1 мин оқу 130

Президент бәсекеге қабілетті халықаралық әуе хабын құруды міндеттеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл түрде ірі әуежайларды халықаралық бәсекеге лайықты хабтарға айналдыруды тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент бәсекеге қабілетті халықаралық әуе хабын құруды міндеттеді

Президент тез арада батыл шешімдер қабылдау қажет екенін атап өтті.

«Алдымызда жүк және жолаушылар терминалдары, логистикалық орталықтары және заманауи сервистері бар толыққанды экожүйе құру міндеті тұр. Жүк тасымалының барлық рәсімін жеңілдетіп, авиаотынға қолжетімді баға қою керек. Кейінгі мәселе өте өзекті. Өйткені біздің әуежайлардағы, атап айтқанда, Астана әуежайындағы авиакеросиннің бағасы тым қымбат. Үкімет Бәсекелестікті қорғау ведомствосымен бірге аталған міндетті алғашқы жартыжылдықта орындауы керек», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, казір әлемде әуемен жүк тасымалдау нарығы 140 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл – орасан зор мүмкіндік. Мемлекет басшысының айтуынша, бірде-бір отандық авиакомпания аталған салада толық жұмыс істемейді.

Бөлісу:
Президент бәсекеге қабілетті халықаралық әуе хабын құруды міндеттеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар