Әлем
1 мин оқу 120

Үндістанда белгісіз дерттен 16 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Белгісіз аурудың салдарынан көз жұмған барлық науқастың миы ісініп кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.</p>

Үндістанда белгісіз дерттен 16 адам көз жұмды

Оқиға Джамму мен Кашмир штаттарында тіркелген. Барлығы 38 адам індетті жұқтырған. Олардың барлығы дене қызуы, жүрек айнуы және әлсіздік сияқты белгілерге шағымданған. 

Сарапшылар зерттеу жүргізіп, науқастардың үлгілерінен вирустық немесе бактериялық инфекцияларды таппаған. Нәтижелер аурудың токсиннің әсерінен пайда болғанын көрсетеді, бірақ нақты токсин анықталмаған.

Осыған қарамастан, билік Джамму мен Кашмир штаттарында карантин енгізді. Елді мекендердің аумағы шартты түрде үш аймаққа бөлініп, жергілікті халыққа бұқаралық іс-шаралар өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тұтынатын барлық азық-түлікті тексеретін офицерлер тағайындалған.

Айта кетейік, белгісіз дерттен  қайтыс болған адамдар үйлері мөрленген.

Бөлісу:
Үндістанда белгісіз дерттен 16 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар