Павлодарда 74 жастағы әжей мас күйде көлік жүргізген
<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анықталғандай, өткен жылдың желтоқсан айында 1951 жылы туған азаматша «Тойота» көлігін мас күйінде басқарған. Сот отырысында зейнеткер өзінің құқық бұзғанын мойындаған.
Аталған деректің мән-жайы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық сараптама актісімен және бейнежазбамен расталған.
Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.