Аймақтар
1 мин оқу 142
Екі облыс аумағында автожол бөліктері жабылды
<p style="text-align: justify;">Аталған шектеу туралы шұғыл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мәлім қылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

29 қантар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар мына тасжолдарда көліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу қойылды:
Ұлытау облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 37-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қостанай облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Аталған жолдардың ашылуы 30 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.
Бөлісу: