Ауа райы
1 мин оқу 122
Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана мен Алматы облысында қар жауып, тұман түседі деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында түнде қар, боран, жауын-шашын және көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысында қалың қар жаууы мүмкін.
БҚО-да тұман болады.
ШҚО, Қостанай, Павлодар, Абай және Ақмола облыстарында түнде қар мен боран күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында көктайғақ орнап, тұман болады деп болжанып отыр.
Бөлісу: