Әлем
1 мин оқу 182

Сирияға террористік ұйым басшысы президент болды

<p style="text-align: justify;">Сириядағы төңкерісшіл топтың көсемі&nbsp;Ахмед аш-Шараа &laquo;ауыспалы үкімет кезеңінде&raquo; елдің жаңа президенті болып жарияланды. Бұл жөнінде &laquo;Әл-Арабия&raquo; және Таяу Шығыстағы өзге де ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сирияға террористік ұйым басшысы президент болды

Мохаммад әл-Джулани ретінде танылған аш-Шараа жетекшілік ететін қарулы топ «Хайат Тахрир аш-Шам» – АҚШ, Батыс елдері мен Ресейде, сонымен қатар Қазақстанда террористік ұйым ретінде танылған.

Аталған топ қарашаның соңы – желтоқсанның басында Башар Асад диктатурасына қарсы қарулы бүлікке шығып, нәтижесінде Асад режимі құлады. Асадтың өзі Мәскеуге қашып, аш-Шараа іс жүзінде елдің жаңа басшысына айналған.

Айта кетейік, Аш-Шараа бұған дейін ауыспалы кезеңнен кейін тұрақты үкімет сайлау нәтижесінде жасақталуы керек деп мәлімдеген, алайда ауыспалы кезең қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ.

Бөлісу:
Сирияға террористік ұйым басшысы президент болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар