Оқиға
1 мин оқу 80

Банк тонаған қылмыстық топ ұсталды (видео)

<p style="text-align: justify;">Астана полициясы ұсталғандардың бұрын бірнеше рет сотты болғандарын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Банк тонаған қылмыстық топ ұсталды (видео)

Қылмыстық топқа бірқатар ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. 

«Күдіктілер қорқыту және зорлық-зомбылық жасап жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлігін иемденген. Тағы бірде банктің іргелес аумағынан 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен», делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынған. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты бар-жоғы анықталады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Банк тонаған қылмыстық топ ұсталды (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар