Қоғам
1 мин оқу 145

Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілерін жауапкершілікті ұғынуға шақырды

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және мәдениет министрі&nbsp;онлайн-платформаларда шындыққа жанаспайтын ақпараттың артқанын айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілерін жауапкершілікті ұғынуға шақырды

Аида Балаева онлайн-платформалардың әкімшілері мен әлеуметтік желі қолданушыларын заңға қайшы ақпараттарды жүктемеуге шақырып, талап бұзылғанған жағдайда бұғаттау шарасы қолданылатынын ескертті. Десе де министр ведомоствоның миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын қаперде ұстап, платформаларды бұғаттау шарасына сирек жүгінентінін атап өтті. 

«Желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жетті. Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында – терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар. Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылды», деп жазды ол.
Ведомство басшысы нағыз құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты кілті саналатын заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануға үндеді. 
 
Бөлісу:
Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілерін жауапкершілікті ұғынуға шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар