Қоғам
1 мин оқу 130

Болат Мажағұлов 8 жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа үкім шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Болат Мажағұлов 8 жылға сотталды

Сот үкімімен Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Сот Мажағұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада. 

Екінші айыпталушы Қанапин 3,5 жылға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі бірлескен және бірнеше шығынды өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Болат Мажағұлов 8 жылға сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар