Айбын
2 мин оқу 110

Ғасыр жасаған соғыс ардагері

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында тұ&shy;ра&shy;тын Екінші дүние&shy;жү&shy;зі&shy;&shy;лік соғыс ардагері Васи&shy;лий&shy; Васильевич Ма&shy;киен&shy;ко 99 жасқа толған туған кү&shy;нін атап өтті. Ерлік пен адал&shy;дықтың, Отанға деген шек&shy;сіз сүйіспеншіліктің жар&shy;&shy;қын үлгісі болған та&shy;рих&shy;&shy;&shy;тың тірі куәгерін құт&shy;тық&shy;&shy;тауға қала әкімі Серік Мұхамадиев арнайы келді.</p>

Ғасыр жасаған соғыс ардагері

Шаһар басшысы өз сөзінде Василий Васильевич сияқты тұлға­лар еліміздің мақтанышы екенін, олардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жет­кіз­генімізді атап өтті. Ардагерге естелік сыйлықтар табыс­тап, соғыс кезіндегі және елді соғыс­тан кейінгі дамытудағы ерен еңбегі үшін алғыс айтты.

Ұлттық ұлан академиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Ерден Балғымбаев та соғыс ардагеріне өзінің жылы лебізін біл­діріп, сыйлығын тарту етті. Арда­гердің өнегелі өмірі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, оның ерлігі ұрпақтың отаншыл болып өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Василий Макиенко 1926 жылы 24 қаң­тарда Солтүстік Қазақстан облы­сы Волошинка ауылында дү­ние­ге келген. 1943 жылы Қазан ауда­нының әскери комиссариаты арқы­лы май­данға шақырылып, әс­кери жолында 44-атқыштар пол­кінде, 142-атқыштар полкінде және 317-гвардиялық атқыштар пол­кінде қызмет етеді. Соғыс кезінде ІІ дәре­желі «Отан соғысы» орденімен, сон­дай-ақ «Кенигсбергті алғаны үшін»,  «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

Соғыстан кейін Василий ­Ва­си­­лье­­вич бейбіт өмірдегі ең­бек жо­­лын бас­тады. Ол су құбыры жүйе­сінде жұмыс істеп, кейін техника­лық жабдықтау өндірісін басқару бас­қар­ма­сы басшысы­ның орынба­сары ­бо­лып 13 жыл қызмет атқарды. ­1960 жы­лы зейнетке шықты.

Бүгінде ғасырға тақаған жасы­на қарамастан, ардагер әлі де тың. Туған-туыстарының ортасында, төрт қыздан сегіз жиен, алты шө­бе­ре сүйген бақытты ата. Оның ел үшін еткен еңбегін тек Петропавл жұрт­шылығы ғана емес, бүкіл Қазақ елі мойындап, мақтан тұтады. 

Бөлісу:
Ғасыр жасаған соғыс ардагері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар