Дикий Арман түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болды
<p style="text-align: justify;">Қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Арман Жұмагелдиев Қостанай түрмесінде өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан. Оған медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түрмедегі бұл оқыс жағдай алдымен әлеуметтік желіде тарады. Яғни 20 жылға сотталған "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев тамырын кескен деген ақпарат желдей есті.
Артынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйсінің комитеті түсініктеме берді.
- Аталған сотталушы өзіне аздаған дене жарақаттарын келтірді. Медициналық көмек бірден көрсетілді. Сотталушының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев айырықша бақылауда екені, оны мекеме психологтары қарауға алғаны нақтыланады.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.