Қоғам
1 мин оқу 62

Алматы облысында күзде жоғалған әйелдің денесі табылды

<p style="text-align: justify;">2024 жылдың күзінде із-түссіз жоғалған Алматы облысының тұрғыны өлі күйінде табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында күзде жоғалған әйелдің денесі табылды

Оқиғаның мән-жайын Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшаларында хабарлады.

1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы қарашаның 26-сы күні жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, Наурыз көшесі, 6-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.

Ерекше белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара ұзын, көзі қоңыр.

Ол қара қысқа күртеше мен ашық түсті хиджаб киген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Оның неден қаза тапқаны әлі анықталмады.

Бөлісу:
Алматы облысында күзде жоғалған әйелдің денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар