Қысқы спорт
1 мин оқу 70
Конькимен жүгіруші Алина Дауранова әлем кубогін жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.
Сондай-ақ еліміздің атынан шыққан Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.
Бөлісу: