Қоғам
1 мин оқу 130

Қазақстанда бензин бағасы өзгереді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет сұйық отынға субсидия беруін түбегейлі тоқтатты, яғни, енді бағаны реттеуге араласпайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қазақстанда бензин бағасы өзгереді

Жанар-жағармайды субсидиялайтын 40-қа жуық елдің қатарында Қазақстан болған. Мұнайға шылқыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы әлдеқайда арзан. Алайда, оның зиянды тұсы «қара нарықтың» белең алуы. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: «Ақиқаты осы, оны несіне жасырамыз, көрші елдерге контрабандалық жолмен жанар-жағармай тасылатынын жұрттың бәрі көріп отыр, өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болды», деген еді.

Енді баға – нарық заңына сәйкес бірқалыпты тұрмақ емес. Энергетика министрі Аи-92 бензині бастапқыда 5 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтқан. Қазіргі жағдайда жанар-жағармай бағасының өсуі заңдылық деп отыр, өйткені мұнай өңдеу салаларына инвестицияны көбірек тарту керек.

Толығырақ «Хабар» агенттігі ақпаратында:

Бөлісу:
Қазақстанда бензин бағасы өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар