Қоғам
1 мин оқу 100

Жеңіске 100 күн қалғанда

<p style="text-align: justify;">Ұлттық ұланға қарасты &laquo;Оңтүстік&raquo; өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде &laquo;Жеңіске 100 күн қалғанда&raquo; акциясы басталды.</p>

Жеңіске 100 күн қалғанда

Іс-шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ардагерлерді құрметтеуге, Екінші дүниежүзілік соғысқа қаты­сушылардың батырлығын насихаттауға, сондай-ақ Отанды қорғаудың құнды­лығын және ұрпақтардың тарихи сабақ­тастығын терең түсінуге бағытталған.

Бауыржан Момышұлы атын­дағы 5571 әскери бөлімінің әске­ри қызметшілері бұл игі бастаманы 28 гвардиялық-панфиловшылар сая­бағындағы мәңгілік алауға гүл шоқ­тарын қоюдан бастады. Бөлімнің әс­кери оркестрі саябақтағы Даңқ мемориалы алдында соғыс жылдарындағы әндер мен музыкаларды орындады.

100 күн бойы өтетін маңызды шара аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қол­дау және қайырымдылық кө­мек көрсету акциялары, әскери қыз­мет­шілер мен Ұлттық ұлан ардагер­ле­рінің қатысуымен білім беру ұйымда­рындағы ерлік сабақтары, әскери бөлімдерде «Ашық есік күндері», жас­тар арасында патриоттық челендждер ұйымдастырылады. Сондай-ақ ардагер үйінің алдында әскери оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері салтанатты шерумен өтіп, ардагерге әскери сәлем береді. Акция мамырда – Жеңістің 80 жылдығы мерекесі кезінде қорытындыланады.

Бөлісу:
Жеңіске 100 күн қалғанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар