Қысқы спорт
1 мин оқу 70
Қысқы Азия ойындары: Бүгін кімдер жүлдеге таласады?
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарында топтық, жұптық сындар басталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Туризм және спорт министрлігі бүгін жүлдеге таласатын ел спортшыларының тізімін жариялады:
Жарыс күні 7:00-де керлингтен басталды. Аралас жұпта қытайларға қарсы Әзизбек Нәдірбаев пен Әмина Сейітжанова бақ сынайды.
Шайбалы хоккейден ел намысын қорғайтын құрама ерлері мұз айдынына 13:00-де Таиландқа қарсы шығады.
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы да Таиланд спортшыларымен өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл бәсеке 16:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, ІХ қысқы Азия ойындары аясындағы барлық сайысты Qazsport арнасы тікелей эфирде ұсынады.
Бөлісу: