Үкімет
1 мин оқу 73

Кедендік баж мәселесі талқыланды

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойын&shy;ша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке жатқызу және бөлу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.</p>

Кедендік баж мәселесі талқыланды

­Іс-шара кедендік әке­лу баждарының сомасын бөлу үдерісінде туындайтын өзекті мәсе­лелер мен проблемаларды талқылау және осы рәсімдерді жетілдіру бо­йынша ұсыныстар әзір­леу мақсатында ұйым­дастырылды.

ЕАЭО елдерінің қар­жы тұрақтылығы мен эко­номикалық әл-ауқа­тын­да әкелу баждарын есепке алу және бөлу мә­селесі маңызды рөл атқа­рады. Алайда шешуді талап ететін мәселелер бар. Олардың ішінде мүше мемлекеттердің бюд­жет­теріне баж сомасы­ның бөлінбеуі, қате аударыл­ған қаржыны қайтару және кірістерді бөлудегі теңгерімсіздік, әсіресе Қазақ­стан сияқты ірі сыртқы сауда ағыны бар елдерге байланысты проб­лемалар бар.

Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның, қаржы, ұлттық экономика, сондай-ақ сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты. Қатысу­шылар талқылау барысында мемлекеттік органдар өкілдерінің сөйлеген сөзін тыңдады және ұсыныс­тар мен ұсынымдарды тал­қы­лады. Сондай-ақ бажды қабылдау және бөлу рәсімдерін жақсарту мүмкіндіктері қаралды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар және олардың баждарды есепке алу үрдісіне әсеріне ерекше назар ауда­рыл-
ды.

Талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерге талдау жасалды. Олар дөңгелек үстел қорытындысы бо­йынша ұсынымдар топтамасына енгізіледі. 

Бөлісу:
Кедендік баж мәселесі талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар