Оқиға
1 мин оқу 70

Елімізде заңды өрескел бұзған үш судья жауапқа тартылды

<p>Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі&nbsp;жеті судьяға қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде заңды өрескел бұзған үш судья жауапқа тартылды

Істі қарау нәтижелері бойынша заңды өрескел бұзған үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бір судья сөгіс алып, екеуі қызметінен босатылған.

«4 судьяға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды. Оның 1-і тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты, 1-і қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты, 2 судья өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар тағы бір судьяның бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылмаған.

Бұл шешімдер әлі заңды күшіне енген жоқ, өйткені жазаға тартылған судьялар Жоғарғы Сот Кеңесіне шағымдана алады.

Бөлісу:
Елімізде заңды өрескел бұзған үш судья жауапқа тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар