Оқиға
1 мин оқу 110

Елімізде дабыл белгісі қосылады

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі 6-7 ақпан күндері еліміздің оңтүстігі мен батысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын пысықтамақ, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде дабыл белгісі қосылады

Министрлік жоспарына сай «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Шара аясында аймақтардағы дыбыстық дабыл белгілері де тексеріледі. Тексеру жұмысы 6 - ақпан сағат 11: 00-ге жоспарланған. Осыған орай министрлік тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырып отыр. 

Бөлісу:
Елімізде дабыл белгісі қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар