Тағайындау
1 мин оқу 110
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Аталған лауазымды қызметке Абзал Мәулетханов кірісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абзал Асқарұлы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде және Alikhan Bokeikhan University-де білім алған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 8 жыл. Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет етті. Өскемен қаласының қаржы бөлімін басқарды.
Соңғы еңбек еткен орны – Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Бөлісу: